Талаптыға нұр жауар

                             Талаптыға нұр жауар

                                              Талап болар табиғи болмысында,                                                                        Тәрбиемен өрлейді зорлы шыңға.                                                                           Талап пен еңбекке әркез құшағың жай,                                                                         Құр мақтан жалқаулыққа қолды ұсынба.                                                           Ей жас дос, мін талаптың арғымағын!                                                               Ұйықтама ұлт ісінде қалғымағын!  - деген  өлең жолдарымен, талапты дарынды бірқатар оқушыларымызды басқаларға үлгі еткім келді. Талап адамның өз бойындағы қандай да бір қабілетін, алдына қойған мақсатын, табиғи дарынын жетілдіру үшін аса қажет. Егер талап болмаса, олар уақыт өте көмескіленіп,

ұсақтанып кетеді. Талап пен жігер – серіктес қасиеттер. Талап пен жігерді адам өзі дамытып, қайрай алады. Адам өмір бойы ізденуге, өмірдің беймәлім сырларын ашуға талпынады. Сол жолда, адамгершілік қасиеттерді тірек етіп алғанда ғана жақсылық жаршысы болмақ. Адамзаттың өмірлік мұратыда осы.

                    Осы мұраттың төңірегінде жүрген дарынды жас шәкірттерімізді мақтан қылсақ, басқаларға үлгі , өнеге етіп көрсете алсақ нұр үстіне нұр болар еді. «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын»-деген сөз бар емеспе, дарынды оқушыларымыз да бір шабыттанып қалса, олардың еңбектері елеусіз қалмайтындығын біле жүрсе, мерейілері үстем болар еді. Өзін-өзі тану пәнініңде дарынды жас шәкірттеріміздің дарындылық қабілеттерін ашуға үлесі зор. Себебі; бұл пән оқушылармызға еркіндікті сезіндіре алады. Балала еркіндікті

сезіне отырып, қай қырынан болмасын әйтеубір қабілетін көрсетеді . Мүмкін бала оқуда үздік болмасада, әнші биші болмасада, басқа қырынан шебер шығар. «Егер адам қолынан келетін, істеуге міндетті нәрсесін жүзеге асыра алса, сол адамды бақытты және дарынды деп атауға болады»  дегендей әр баланың бойында дарындылық бар, тек соны көре алса, аша білсе ғана дарын деп аталады. Баланың өзін-өзі тануына,өзін-өзі бағалай білуіне, өзін-өзі дамыта алуына, өзін-өзі өмірге икемдеп, бйімдеуімделуіне, сөзі мен ісінің бірлігін сақтай білуіне, жауапкершілікті сезінуіне білуіне тәрбиелетін қасиеті бар пән. Бойына осы қасиеттерді сіңірген, икемділігімен көзге түскен дарынды оқушыларымызды атап өтсек;6«А» сынып оқушысы Бектас Ақжол,5«А»сынып оқушысы  Амангелді Айсұлу, 10 «Б» сынып оқушысы Шаяхмет Кенжегүл, 8«В»сынып оқушысы Амангелді Айсұлтан , 7«А»сынып оқушысы Ботабек Еркежан  сынды шәкірттерімізді мақтан ете аламыз. Өйткені барлығы бір-бірінен асқан талантты, дарынды, талапты оқушылар.Біліммен қатар, тәрбиеге аса мән беретін, бойларындағы дарынды аша білген дарын иелері деп атасақта артық емес. Бірі әнші, биші болса бірі шабыты тасыған ақын, бірі  он саусағынан бал тамған шебер, бірі асқан сызушы дегендей, ақылды, еңбекқор, жан-жақты білімді үздік оқушылар. Міне осындай дарын иелерін тани білсек, олардың қабілетін ашуға ата-ана және мұғалім, тіпті достары да атсалыссақ, сонымен қатар дарынды талапты оқушыларымызға  құрметпен қарап, бағалай білсек, ұшарға қанат бітіргендей шабыттандыра түсетіндігімізді ұмытпайық. Дарынды, талапты

оқушыларымыз  басқаларға үлгі өнеге болары да анық. Сондықтанда дарынды оқушыларымыздың  қатарына қосылатын талапты ұрпақтар саны артар деп сенемін. Адамның талапты болуыда, дарынды болуыда өзіне байланысты  екенін  ұмытпайық. «Ақыл», «Талап», «Еңбек», - ол сенің өміріңнің мәні.  

                              Шортанды №3 қазақ

орта мектебінің

өзін-өзі тану пәні  мұғалімі:

Мұрат Замира

 

Прикреплённые файлы:Talaptygha_nur_zhauar.docx
Автор: З.Мурат
Просмотров: 135
Дата создания: 29 Апреля 2017 г.
Дата редактирования: 29 Апреля 2017 г.