Сыр сұхбат бағдарламасы

Құрлымы:Сыр

сұхбат бағдарламасы сынып аясында өткізіледі.

Құрметті Сыр сұхбат

бағдарламасының қатысушылары сіздер бағдарламаға келетін қонағымызды асыға

күтіп отырған боларсыздар. Қонағымызыдң кім екенін білуге асығып отырған

шығарсыздар иә.    Олай болса мен

сіздерге қонағымыз жайлы бірнеше сұрақтар жасырайын. Сіздер кім екенін

тапсаңыздар , сол ғұрлым қонағымызыды тез ортаға шақыратын боламыз.

-        

Ол кісінің жасы 60 тан асқан адам.

-        

Бірақ қазірде еңбектен жалыққан емес, яғни қазірде

қоғамға еңбек сіңіріп жүрген адам.

-        

Ол кісі біздің мектебімізде қызмет атқарған адам.

(Кизаева Тукен Дамековна)

Иә балалар сіздер дұрыс таптыңыздар. Ендеше қадірлі

қонағымызды қошеметпен қарсы алайық.

 Қош келдіңіз. 

Ендеше сыр

сұхбат бағдарламасының құрметті қонағының өмір баяны жайлы қысқаша таныстыруға

назар аударайық.Кизаева Тукен Дамековна 

07.04.1954 жылы Ақмола облысы Сілеті ауданы Ақсу руднигінде дәулетті,

берекелі отбасында дүниеге келген.

Жанұяда  5 баланың екіншісі,  1961 – 1971 жылдар аралығында Шортандыда орта мектеп

оқыса,

1971 – 1976

жылдар аралығында Целиноград 

педагогикалық институтында орыс тілі, орыс әдебиеті мамандығымен  жоғарғы мектепті тамамдаған. 

1976 – 1978

жылдарда Раевка мектебінде осы мамандығы бойынша ұстаздық қызметін

атқарған. 

1978 -1997

жылдар аралығында аудандық білім бөлімінде бас маман болып қызмет атқарды.

Ал 1998 – 2015

жылдары Шортанды №3 қазақ орта мектебінде мектеп басшысы міндетін адал атқарып,

Шортанды халқының құрметіне бөленген адам. Еңбек етуден ешқашан жалықпаған,

қайратты да қайсар, абыройы асқан еңбек ардагері болған  Кизаева Тукен Дамековна  қазірде қоғамға өз үлесін қосып қызмет

атқаруда. Қазіргі таңда қарттар қауымының басшысы қызметін атқаруда. Өмірінің

40 жылдай уақытын Отанымызға қажымай талмай еңбек еткен қайсар, батыл мінезді

қонағымызға қошемет көрсетіп қойсақ. Кизаева Тукен Дамековнабілім саласында

еңбекқорлылығымен, ақыл парасатымен, білімділігімен көптеген шыңдарды

бағындырып, заманауий технологияларды жете меңгере отырып, басқаларға үлгі өнеге

бола білген дана ұстаз, өзгенің жан дүниесін түсіне білген пана басшы.

Сыр сұхбат

бағдарламасына Шортанды №3 қазақ орта мектебінің

7- сынып оқушылары

қатысады.

Бағдарламаны

ұйымдастырушы өзін – өзі тану пәні мұғалімі Мұрат Замира

Мақсаты: - Өмірден өз орнын тапқан өнегелі, үлгілі, еңбек ардагерімен

сырласу, ақыл-кеңестерін  тыңдау

оқушылардың тәрбиесіне зор ықпал етеді.                                                             

- Өмірге деген құштарлықтарын оятып, үлгі-өнеге ала отырып, өмір

құндылығын ұғыну, өмірді қадірлеу,  бағалай білуге тәрбиелеу.                                                       

-Оқушыларды еңбекқорлыққа тәрбиелеп, қоғамда өз орнын табуға,                        адам өмірінің  мәні рухани – адамгершілікпен, адал еңбек

екенін түсіндіру.                                                           

Міндеті:                                                                                                                                           

     - Жалпы адам өмірі тек

ғана қуаныштан немесе қыйындықтан тұрмайды,жақсы мен жаман, ыстық пен суық, ақ

пен қара алма кезек болатыны сияқты өмірде кездесетін әртүрлі жағдайларда

қиындыққа мойынсынбай сабырлы, шыдамды, төзімді болуды ұғындыру.                                – Адам деген атқа лайықты өмір сүру, қоғам

алдындағы жауапкершілігін сезіне білуге, адамға тән адамгершілікқасиеті бар салауатты

саналы адам болып қалыптасуды  үйрету.

Күтілетін нәтиже:«Өмірде көп жасағаннан емес, көпті

көргеннен сұра» дегендейін                               көзі ашық –

көкірегі ояу,көргені көп тәжірибелі адаммен жасөспірім жастағы балалардың

кездесуі сұхбаттасуы, олардың өмірге деген құштарлықтарын оятып, адамгершілікке

жетелеп, еңбекқорлылыққа тәрбиелейді деп сенемін. Кейіпкердің риясыз әңгімесі

оқушыларға рухани дем беріп, аянбай талмай еңбектенудің жемістіде, жеңістіде

болатындығына көздерін жеткізедідеп нақты айталамын.

                                      Мұғалімнің сөзі:        

Құрметті Кизаева Тукен Дамековнасіздің бүгінгі сыр сұхбат

бағдарламамызға шырайлы жарқын жүзіңізбен келгеніңізге рахмет. Сізбен сырласуға

біздің мектебіміздегі 7- сынып оқушылары арнайы кеп қатысуда. Өмірден көпті

көрген білімдіде білікті тәжірибелі сізбен сырласуға осында кеп отырған

жасөспірім балаларымыздың сізден үйренерлері, алатын ақыл-кеңестері, көп болар

деп ойлаймын.

Барынша осы оқушылардың сұрақтарына жауап беріп риясыз

әңгімеңізбен бөлісіп, тапсырмаларын орындауға дайынсызба?

Оқушылардың қоятын сұрақтары мен тапсырмалары:

  1 – оқушы  Камила

·       

 Адам өмірінің мәні уақыт өткен соң өзгеруі

мүмкін бе?

            Ол неге

байланысты деп ойлайсыз?

            2 – оқушы  Айсұлтан

·       

 Өз балалық шағыңыздың тәтті елестерімен бөлісе

аласызба?

Жалпы

балалық шағыңыз жайлы жиі еске аласызба? 

Және есіңізде қалған қызықты оқиғадан айтып беріңізші.

3 – оқушы Мадина

«Адам

бақыт үшін жаралған» - деген пікірмен келісесізбе? Неліктен?

4      

оқушы Айберген

·       

Ұстаздық

еткен кезіңізде сізге ең қыйын болған кез қай кез?

 

Мұғалім: Қатты тәртіп көрсе бала күнінде,

                 

Өнерімен қуантады түбінде – деген сөзбарғой, сіздің осындай 

ақылды білімді болуыңыз отбасыңыздың қатаң тәртібімен берік қағидаларының

ықпалы  деп ойлайсызба?

5 – оқушы Ақжол

·       

«Нағыз азамат»деген атқа ие болу үшін адамның бойында қандай қасиеттер болу керек? Жәнеде

қандай қағидаларды ұстануы қажет?

6 – оқушы Дінасыл

·       

Арманның

адам болашағына әсері қандай?

7 – оқушыСабина

·      

Отбасының

берекелі болуы кімге байланысты деп ойлайсыз?                                8 – оқушы 

Айнұр

·      

Адам

қай уақытта ата – ананың үмітін ақтай алады? 

Сіз өз  ата –

анаңыздың үмітін ақтадым деп ойлайсызба?

 

Шәмші Қалдаяқовтың бір әнін орындап беруіңізді  өтінеміз.

Тапсырмалар:1 – ші тапсырма

 

 

                  

 

        

Еріншектік – күллі дүниедегі өнердің дұшпаны.Талапсыздық, жігерсіздік,

ұятсыздық, кедейлік – бәрі осыдан шығады.(Бұл нақыл сөз кімнің сөзі екенін

айтып беріңіз)Абайдың сөзі:

 

         2 – ші тапсырма

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сәби бақыты, ол -

...                    Әйел бақыты, ол -

…                 Ер – азамат бақыты,

ол - …     Ата – ана бақыты, ол - ...           Кәсіпкер бақытты, ол - ...                     Ұстаз бақыты, ол - …                 Ғалым бақыты, ол - ...              Ұлт бақыты, ол -

...                  Қоғам бақыты, ол

- ...

 

3 – ші тапсырма

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жоғарыдағы 3

тапсырманы мұқият орындауға тырысады.Оқушылардың әзірлеген тапсырмасы сізге

қыйындық туғыздыма?

9  – оқушы Дамир                                                                      

Туыс  - туғандардың қадірін алғаш қашан байқадыңыз?

10– оқушы Алишер                                                                                                           Сіз өміріңіздің

көп уақытын шәкірттер тәрбиелеп, білім беріп «Ұлағатты ұстаз» деген атқа ие болып келесіз.  Ұстаздық мамандығын неліктен таңдадыңыз, әрі

өкінген кезіңіз болдыма? Аса құрметті Кизаева

Тукен Дамековна сіздің алтын уақытыңызды қыйып оқушыларымызбен сырласып,

ақыл- кеңесіңізді айтып, риясыз әңгімелеріңізбен бөліскеніңізге рахмет. Сіздің

осынау салихалы әңгімелеріңіз біздің жастарымызға үлгі өнеге, болды деп

ойлаймын.                                   

«Өмірден көрген қызығыңыздан,

көрер қызығыңыз көп болсын                         әліде  қоғамға ерең еңбектеріңізбен биіктерден

көріне беруіңізгешын жүректен тілектеспін »деп мынау кішкентай

сыйлығымызды               қабыл

алуыңызды өтінемін.Балалардың қойған сұрақтарынан біреуі сізге қатты ұнаған шығар, сіздің

жандүниеңізді тебірентерлік сұрақ қойғаноқушыға мына құттықтау қағазына өз

тілегіңізді жазып қол таңбаңызды беруіңізді тілейміз.                         Ең соңғы

тапсырмамыз;                                                                                            

Мынау смайликтерді жақсы

білетін шығарсыз. Алдыңыздағы смайликтерге қарап бүгінгі сыр сұхбатта

кездесуіміз сізге қаншалықты ұнағаннын смайлик арқылы көрсетіп, оны өз

жүзіңізбен бейнелеңіз!  Рахмет қошемет көрсетеміз балалар .

Естелік ретінде оқушылармен  бірге суретке түсеміз.

 

 

 

 

Автор: Мұрат Замира
Просмотров: 771
Дата создания: 3 Марта 2016 г.
Дата редактирования: 3 Марта 2016 г.